HP LaserJet P3010 сериялы принтерлері
Басып шығару жүйесін орнату бойынша ескертулер
|
Windows® 2000 |
|
Windows XP |
|
Windows Server 2003 |
|
Windows Server 2008 |
|
Windows Vista® |
|
Macintosh OS X V10.3.9 және кейінгі нұсқасы |
Басқа жүйелерге арналған нұсқаулар үшін сәйкес орнату бойынша ескертулерді, таныстыру файлындарынан немесе сол жүйенің басқа өнімдері туралы ақпараттты қараңыз. Құрылғының және драйвердің мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алу үшін HP LaserJet P3010 Series Printer User Guide (HP LaserJet P3010 сериялы принтерлерінің пайдаланушы нұсқаулығын) және әр бағдарламалық құрал құрам бөлігіне арналған интернеттегі анықтамасын қараңыз.
БҰЛ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ КІМГЕ ҚАЖЕТ?
Төменде Windows және Macintosh жүйелерімен үйлесімді жүйе талаптары келтірілген:
|
Windows 2000 64 MБ RAM бар 333 МГц процессор |
|
Windows XP 64 MБ RAM бар 333 МГц процессор |
|
Windows Server 2003 және Windows Sever 2008: 128 MБ RAM бар 550 МГц процессор (Standard Edition) |
|
|
220 MБ қатты диск кеңістігі |
|
Macintosh OS X V10.3.9 және кейінгі нұсқасы 128 MБ RAM бар Macintosh G3, G4, G5 немесе Intel Core процессоры (256 MБ RAM ұсынылады) |
|
|
150 MБ қатты диск бос кеңістігі |
|
Ықшам диск жетегі немесе Интернетке қосылу |
|
Әмбебап сериялы шина (USB 1.1 немесе 2.0) байланыс порты немесе желілік байланыс |
БАСПА ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМ БӨЛІКТЕРІНЕ ШОЛУ
Желілік администратор бағдарламалық құралының құрам бөліктері
ЕСКЕРТУ: HP Web Jetadmin бағдарламалық құралдың ықшам дискісінде болмайды. Желілік администратор HP Web Jetadmin бағдарламалық құралын келесі веб торабынан жүктеп ала алады: www.hp.com/go/carepack
Mac OS X арналған HP Принтер утилиталары
Windows операциялық жүйесіне арналған HP Driver Deployment утилитасы
Баспа жүйесі бағдарламалық құралының ықшам дискісі HP Driver Deployment утилитасын орнату бағдарламасы опцияларының бірі ретінде қамтиды. Желілік әкімші бұл утилитаны ұйымыңызға тән құрамдастарды қамтитын бейімдеуші принтер драйверін орнату орамасын құру үшін пайдалана алады. Құрам бөліктерді бағдарламалық құралдың ықшам дискісінен таңдап алыңыз. Егер таңдалған принтер драйвері алдын ала конфигурациялауды қолдайтын болса, сізге принтер драйверінің параметрлерін алдын ала конфигурациялауға кеңес беріледі. Аяқтағаннан кейін конфигурациялау утилитасы орындалатын файлды (*.EXE) және *.CAB файлын шығарады. Алдын ала конфигурацияланған принтер драйверлерін тұтынушы компьютерлеріне орнату үшін осы файлдарды пайдаланыңыз. Бул утилита дыбыссыз, пакетті жұмыс істеуді қолдайды. Конфигурациялау утилитасына қол жеткізу үшін Advanced Install options (Қосымша орнату опциялары) тармағын ықшам дискінің шолушы экранынан таңдаңыз, екінші экраннан Administrator Software (Әкімші бағдарламалық құралы) тармағын, содан кейін Driver Deployment Utility тармағын таңдаңыз.
Егер орнатқаннан кейін өнімнің конфигурациясын өзгерткен болсаңыз, драйверді жаңа конфигурациямен екі бағытты байланысы бар орталарда автоматты түрде жаңартуға болады. Printers and Faxes (Принтерлер мен факстар) қалтасында принтерді тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Properties (Сипаттар) тармағын таңдаңыз. Device Settings (Құрылғы параметрлері) жиекбелгісінен Automatic Configuration (Автоматты конфигурациялау) түймесін басыңыз, содан кейін Update Now (Қазір жаңарту) параметрін таңдаңыз. Бұл жаңа конфигурацияны драйверге автоматты түрде бекітеді.
Соңғы пайдаланушы бағдарламалық құралының құрам бөліктері
|
HP PCL 6 |
|
HP PCL 5 Әмбебап баспа драйвері(HP UPD PCL 5) |
|
HP postscript эмуляцияланған Әмбебап баспа драйвері (HP UPD PS) |
|
|
http://www.hp.com/support/ljp3010series_software |
Қосымша принтер драйверлерін HP дистрибьюторларынан немесе интернеттегі көздерден алуға болады. Принтер драйверлері мен басқадай HP бағдарламалық құралдарын алу туралы толық ақпаратты осы құжаттың Техникалық қолдау бөлімінен қараңыз.
Бағдарламалық құрал ықшам дискісінде интернеттегі құжаттаманы көруге арналған Adobe Acrobat Reader бағдарламасы бар. Егер жүйеңізде Adobe Acrobat Reader бағдарламасы орнатылмаған болса, бағдарламалық құрал ықшам дискісіндегі Adobe Acrobat Reader бағдарламасын іске қосу үшін .PDF файл пішіміндегі кез келген құжат сілтемесін нұқыңыз. The Adobe Acrobat Reader бағдарламасы компьютеріңізге орнатылмаған және бағдарламалық құрал ықшам дискісі диск жетегінде болғанда ғана жұмыс істей алады. Егер сіз Adobe Acrobat Reader бағдарламасын орнатқыңыз келсе, ең жаңа нұсқасын Adobe веб торабынан таба аласыз:
Пайдаланушы нұсқаулықтары келесі жерде орналасқан:
|
Баспа құралының бағдарламалық құрал ықшам дискісінде |
|
Бағдарламалық құралды орнату барысында таңдалатын болса HP LaserJet принтерінің бағдарлама тобынан (Windows амалдық жүйесіне арналған) |
ЕСКЕРТУ: Ықшам дисктегі кейбір құжаттар барлық тілдерде ашыла бермейді. Қосымша құжаттар мен ақпарат алу үшін төмендегі веб торапты қараңыз:
|
|
http://www.hp.com/support/ljp3010series_software |
ЕСКЕРТУ: Әркім технологияға қол жеткізу мақсатымен жұмыс істеу барысында HP компаниясы пайдаланушы нұсқаулықтарын экранда оқу бағдарламаларының көбімен үйлесімді еренмәтінді таңбалау тіліндегі (HTML) Анықтама пішімінде (.CHM) қамтамасыз етеді.
Windows HP баспа құрамдастарының кез келгенін не барлығын таңдау және жою үшін жою утилитасын пайдаланыңыз. Қосымша нұсқаулар алу үшін осы құжаттағы Uninstaller (Жою бағдарламасы) бөлімін қараңыз.
|
|
http://www.hp.com/support/ljp3010series_software |
БЕЛГІЛІ АҚАУЛЫҚТАР, ТҮЗЕТІЛГЕН АҚАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ ТӘСІЛДЕР
|
|
http://www.hp.com/support/ljp3010series_software |
Сәйкес амалдық жүйе мен принтер драйвері нұсқасы үшiн принтер драйверін жүктеу бетіндегі Release Notes (Ескертулерді алу) немесе Readme File (Таныстыру файлдары) сілтемелерін басыңыз.
III. WINDOWS ЖҮЙЕСІНДЕ ОРНАТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
Принтер драйверлері мен бағдарламалық құрал құрам бөліктерін орнатудың келесі әдістері бар.
|
Install Now (Қазір орнату). Бұл әдіс драйверлер мен бағдарламалық құралды орнатады. Пайдаланушылардың көбіне ұсынылады. |
|
Advanced Install Options (Қосымша орнату опциялары). Таңдауыңыздағы драйверлер мен бағдарламалық құралды орнатуға икемділік береді. Тәжірибелі пайдаланушылар мен жүйе әкімшілеріне ұсынылады. |
ЕСКЕРТУ: Бағдарламалық құралды, сондай-ақ, “Plug and Play,†деп аталатын құралды орнатпас бұрын өнімді USB кабелі арқылы компьютерге жалғау ұсынылмайды. Толық ақпарат алу үшін іске қосу жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Баспа жүйесін Windows 2000, Windows XP, Windows Server 2003, Windows Server 2008 немесе Windows Vista операциялық жүйелеріне орнату үшін әкімшінің басымдылықтары талап етіледі.
Желілік және USB байланыстары үшін баспа жүйесін ықшам дискіден немесе интернеттен жүктеп орнату
|
|
Барлық бағдарламаларды жабыңыз. |
|
|
Ықшам дискті салыңыз. |
|
|
Негізгі мәзір шыққанда , Install Now (Қазір орнату) түймесін басыңыз. |
|
|
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. |
|
|
Егер HP баспа жүйесінің орнату бағдарламасы 30 секундтан кейін іске қосылмаса, 4-8 қадамдарды орындаңыз. |
|
|
Ықшам диск жетегінің түбірлік каталогына өтіңіз. |
|
|
SETUP.EXE файлын таңдаңыз. Open (Ашу) түймесін басып, OK түймесін басыңыз. |
|
|
Негізгі мәзір шыққанда, Install Now (Қазір орнату) түймесін басыңыз. |
|
|
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. |
ЕСКЕРТУ: Егер сіз баспа жүйесін немесе драйверді интернеттен жүктесеңіз, сізге алдымен EXE файлын(дарын) іске қосу керек болуы мүмкін. Егер SETUP.EXE автоматты түрде іске қосылмаса, оның түбірлік орналасуына өтіп, файлды екі рет нұқыңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 2000, Windows XP, Windows Server 2003 немесе Windows Server 2008
|
Start (Бастау) түймесін басып , Settings (Параметрлер) тармағын таңдаңыз, содан кейін Control Panel (Басқару тақтасы) және Printers (Принтерлер) тармақтарын таңдаңыз. |
|
Жаңа орнатқан принтеріңізді таңдаңыз. |
|
Құралдар тақтасында File (Файл) түймесін басыңыз . |
|
Properties (Қасиеттері) түймесін басыңыз. |
|
Порт туралы ақпаратты өзгерту үшін Port (Порт) жиекбелгісіне кіріңіз. |
|
Немесе Vista компьютерінен Start (Бастау) түймесін басып, Control Panel (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз, содан кейін Hardware and Sound (Аппараттық құрал мен дыбыс) параметріне арналған санаттан Printer (Принтер) тармағын таңдаңыз. |
|
Орнатылған принтерді тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз. |
|
Порт туралы ақпаратты өзгерту үшін Port (Порт) жиекбелгісіне кіріңіз. |
|
Барлық бағдарламаларды жабыңыз. |
|
Start (Бастау) түймесін басып , Settings (Параметрлер) тармағын таңдаңыз, содан кейін Control Panel (Басқару тақтасы) және Printers (Принтерлер) тармақтарын таңдаңыз. |
|
Add (a) printer (Принтер қосу) түймесін басыңыз . |
|
Принтер өндірушісінің тізімін көрсететін экранға өтпес бұрын Принтер қосу шеберіндегі сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Have Disk (Диск бар) түймесін басыңыз. |
|
Төмендегі опциялардың біреуі арқылы принтер драйверінің орнын шолыңыз: |
|
|
CD-ROM (Ықшам дискі): Бағдарламалық құралдың ықшам дискісіндегі операциялық жүйе үшін \DRIVERS\[OS]\[PDL] каталогын шолыңыз. |
|
|
Internet download (Интернеттен жүктеу): Веб файлдары жүктелген және сығымдан шығарылған қалтаны қарап шығыңыз. |
|
Сәйкес .INF файлын таңдаңыз. |
|
Open (Ашу) түймесін, содан кейін OK түймесін басыңыз. |
|
Сәйкес принтерді таңдаңыз. |
|
Принтерді орнатуды аяқтау үшін экрандағы қалған нұсқауларды орындаңыз. |
Тек принтер драйверіне арналған (Принтер қосу) - Windows Vista
|
Барлық бағдарламаларды жабыңыз. |
|
Start (Бастау) түймесін басыңыз , содан кейін Control Panel (Басқару тақтасы) және Hardware and Sound (Аппараттық құрал мен дыбыс) тармақтарын таңдаңыз. |
|
Printers (Принтерлер) бөлімінің астындағы Add a printer (Принтер қосу) түймесін басыңыз. |
|
Принтер өндірушісінің тізімін көрсететін экранға өтпес бұрын Принтер қосу шеберіндегі сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Have Disk (Диск бар) түймесін басыңыз. |
|
Төмендегі опциялардың біреуі арқылы принтер драйверінің орнын шолыңыз: |
|
|
CD-ROM (Ықшам дискі): Бағдарламалық құралдың ықшам дискісіндегі операциялық жүйе үшін \DRIVERS\[OS]\[PDL] каталогын шолыңыз. |
|
|
Internet download (Интернеттен жүктеу): Веб файлдары жүктелген және сығымдан шығарылған қалтаны қарап шығыңыз. |
|
Сәйкес .INF файлын таңдаңыз. |
|
Open (Ашу) түймесін, содан кейін OK түймесін басыңыз. |
|
Сәйкес принтерді таңдаңыз. |
|
Принтерді орнатуды аяқтау үшін экрандағы қалған нұсқауларды орындаңыз. |
Жою бағдарламасын іске қосу - Windows 2000, Windows XP, Windows Server 2003 және Windows Server 2008
|
Start (Бастау) түймесін басып , содан кейін Settings (Параметрлер) тармағын таңдаңыз, содан кейін Control Panel (Басқару тақтасы) және Add or Remove Programs (Бағдарламаларды қосу немесе жою) тармақтарын таңдаңыз. |
|
HP Color LaserJet P3010 драйверін немесе бағдарламалық құрал құрамдасын таңдап, Remove (Жою) түймесін басыңыз. |
|
Баспа жүйесінің кейбір немесе барлық құрам бөліктерін өшіру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. |
Жою бағдарламасын іске қосу - Windows Vista
|
Start (Бастау) түймесін басыңыз, Control Panel (Басқару тақтасы) және Programs and Features (Бағдарламалар мен мүмкіндіктер) тармақтарын таңдаңыз. |
|
HP Color LaserJet P3010 драйверін немесе бағдарламалық құрал құрамдасын таңдап, Uninstall/Change (Жою/Өзгерту) түймесін басыңыз |
|
Баспа жүйесінің кейбір немесе барлық құрам бөліктерін өшіру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. |
IV. MACINTOSH АМАЛДЫҚ ЖҮЙЕСІН ОРНАТУ
ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС (USB) ҮШІН MACINTOSH БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛЫН ОРНАТЫҢЫЗ
Mac OS X V10.3.9 және кейінгі нұсқасы
|
Өнімнің қосылғанына көз жеткізіңіз. |
|
Ықшам дискті диск жетегіне салыңыз. Ықшам диск автоматты түрде іске қосылмаса, экрандағы ықшам диск белгішесін екі рет шертіңіз. |
|
HP LaserJet орнату бағдарламасы папкасындағы hplj P3010.mpkg белгішесін екі рет басыңыз. |
|
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. |
|
Apple мәзірінен System Preferences (Жүйе артықшылықтары) және содан кейін Print & Fax (Басу және Факс) таңдаңыз. |
|
Егер өнім атауы Баспа тізімінде болса, орнату аяқталған. Егер өнім атауы Баспа тізімінде болмаса, келесі қадамды жалғастырыңыз. |
|
Add (Қосу) немесе + басыңыз және содан кейін Default Browser (Стандартты Браузер) немесе Default (Стандартты) таңдаңыз. Printer Browser (Баспа Браузері) дегеннен өнім атауын таңдаңыз. |
|
Add (Қосу) түймесін басыңыз. Installable Options (Орнатылатын опциялар) тілқатысу терезесі шығады. Пайдаланылатын өнім параметрлерін таңдаңыз. |
|
Бағдарламалық құралдың дұрыс орнатылуына көз жеткізу үшін кез келген бағдарламадан тест бетін басып шығарыңыз. |
ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС (USB) ҮШІН MACINTOSH БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛЫН ОРНАТЫҢЫЗ
Mac OS X V10.3.9 және кейінгі нұсқасы
|
Желілік кабельмен HP Jetdirect баспа серверін және желілік портты жалғаңыз. |
|
Ықшам дискіні диск жетегіне салыңыз. Ықшам диск автоматты түрде іске қосылмаса, экрандағы ықшам диск белгішесін екі рет нұқыңыз. |
|
HP LaserJet орнату бағдарламасы қалтасындағы hplj P3010.mpkg белгішесін екі рет басыңыз. |
|
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. |
|
Apple мәзірінен System Preferences (Жүйе артықшылықтары) және содан кейін Print & Fax (Басу және Факс) таңдаңыз. |
|
Set Up Printers... (Принтерлерді орнату...) түймесін басыңыз . |
|
Add (Қосу) немесе + түймесін басыңыз. |
|
Қосу түрін таңдаңыз. |
|
|
Тізімнен өнімді таңдаңыз. |
|
|
Print Using (Баспа пайдаланылуда) жайылмалы тізімнен , егер біреуі әлі де таңдалмаған болса, принтер моделін таңдаңыз. |
|
|
Протокол жайылмалы тізімінен Socket/HP Jetdirect тармағын таңдаңыз. |
|
|
Өнімнің IP адресін енгізіңіз. |
|
|
Print Using (Баспа пайдаланылуда) жайылмалы тізімнен , егер біреуі әлі де таңдалмаған болса, принтер моделін таңдаңыз. |
|
Add (Қосу) түймесін басыңыз. Installable Options (Орнатылатын опциялар) тілқатысу терезесі шығады. Пайдаланылатын өнім параметрлерін таңдаңыз. |
|
Бағдарламалық құралдың дұрыс орнатылуына көз жеткізу үшін кез келген бағдарламадан тест бетін басып шығарыңыз. |
Интернеттегі техникалық қолдауды келесі веб тораптарынан алуға болады:
|
|
http://www.hp.com/support/ljp3010series_software |
HP БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ - ҚОСЫМША АҚПАРАТ
OPEN-SOURCE SOFTWARE LICENSE AGREEMENTS (In English)
http://www.apache.org/licenses/
TERMS AND CONDITIONS FOR USE, REPRODUCTION, AND DISTRIBUTION
2. Grant of Copyright License.
(a) You must give any other recipients of the Work or Derivative Works a copy of this License; and
5. Submission of Contributions.
9. Accepting Warranty or Additional Liability.
САУДА БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША ЕСКЕРТУ
Adobe®, Acrobat®, and PostScript® Adobe Systems компаниясының сауда белгілері болып табылады.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ БОЙЫНША КЕПІЛДІК, ЛИЦЕНЗИЯ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР
Кепілдік пен қолдау жөніндегі толық ақпаратты пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
© 2009 Copyright Hewlett-Packard Development Company, L.P.